Меню KDT

logo.png?_=1675669689


"Антоновка орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Ұлттық мектеп лигасының облыстық және республикалық кезеңінде өнер көрсетуі

    9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан қыздар командасының  ұлттық  мектеп  лигасының облыстық және республикалық кезеңінде өнер көрсетуі.

    Антоновка орта мектебі үшін  9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан қыздар командасының  ұлттық  мектеп  лигасының облыстық және республикалық кезеңінде өнер көрсетуі маңызды оқиға болды.Петропавл қаласында өткен облыстық кезеңде 3-5 сәуір аралығында кіші топтағы барлық ойындарда жеңіске жетіп, Антоновка орта мектебінің  командасы финалға шықты. Облыстың ең мықты командасы атағы үшін ойынның ауыр да,  жүйкені жұқартатын сәті болды десе де болады. Дегенмен, дене шынықтыру мұғалімдері Сергей Николаевич Пшеничников пен Қайрат Теміртасұлы Қоянбаевтың шәкірттері чемпион атағын жеңіп алды!10-17 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласында Ұлттық Мектеп лигасының республикалық кезеңі өтті, онда біздің қыздар Солтүстік Қазақстан облысының атынан қатысты.Республикалық ұлттық мектеп лигасының ашылуы жарқын, әсем әрі әсерлі болғандығы: Қазақстан Республикасының Білім министрі  Г. Бейсембаев пен  Қазақстан Республикасының Ұлттық дене шынықтыру және спорт ғылыми-практикалық орталығының директоры С. Садықовтың жарысқа қатысушылардың алдында сөз сөйлегені  болды.

    Антоновка орта мектебінің командасы барлық қатысушылар арасында жалғыз ауыл мектебі болғандықтан, бұл мамандар арасында да, қарсыластар арасында да таңданыс тудырды. Біздің команда құрамында өнер көрсеткен: Төрт кіші топта өнер көрсеткен үздік екі команда ширек финалда өз бақтарын сынамақ болды.Алматы қ., Атырау қ. және Маңғыстау облысының қарсыластарымен ойнап, қарсыластарынан еш кем түспей, кей сәттерде асырып та өнер көрсеткен біздің команда келесі кезеңге өтті.Қарағанды қаласының командасымен ойын қиынға түсті. Өкінішке орай! Қарсыластардың шеберлігі мен күшін мойындау керек. Нәтижесінде біздің қыздар сегізінші орында, оны да өте жақсы нәтиже деп атап өтуге болады.Республикалық жарысқа  Астана қаласына жол салуына және командамыздың табысты өнер көрсетуіне   СҚО Білім Бөлімінің дене шынықтыру және спорт Оқу-әдістемелік орталығының, Айыртау ауданының білім бөлімінің көмегі және  "Уголки"  ХПП директоры А. Садвакасов, "Ясмин Агро" директоры М. Мусханов, "Chayir Agro" ЖШС директоры Е. Молдахметовтың демеушілік көмектері өз  ықпалын тигізді.

    Балалардың сапар барысында алған эмоциялары, әсерлері орасан зор. Біз тәжірибе жинадық, мүмкін болашақта бізді жаңа жеңістер күтіп тұрған шығар!

    27.04.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Рухани жаңғыру