Тәрбие жұмысының жоспарын іске асыруға байланысты және патриоттық сезімге, туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында 2022 жылғы 17 мамырда "Антоновка ОМ" КММ 8,10,11 сынып оқушылары "Таза су айдындары"акциясына волонтерлік көмек көрсетті.
Халықаралық Отбасы күніне орай, 2023 жылдың 15 мамырында "Антоновка ОМ" КММ "Әкем, анам және мен – спорттық отбасымыз" атты спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.
2023 жылдың 12 мамырында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Антоновка орта мектебі» КММ 9-сынып оқушылары үшін Щучинск қаласы, «Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі» МКҚК-ға экскурсия өткізілді.
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының" "өңірлік дене шынықтыру, спорт және бастапқы әскери дайындық оқу орталығы" КММ хаты және Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің объектілерді терроризмге қарсы қорғау бойынша бірыңғай оқу – жаттығу күнін өткізу туралы хаты негізінде 12 мамырда "Антоновка орта мектебі" КММ бірқатар іс-шаралар өтті.
09.05. күні ескерткіш жанында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған «Естелік сағаты» өтті, оқушылар қаза тапқан батырларды еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Мектеп кітапханашысы И.И.Якименко « Жеңіс көктемі» атты іс-шаралар топтамасын, Отан қорғаушылар күніне «Намыс, борыш және ерлік» көрмесі, Жеңіс күніне арнап –«Бар әлемнің есінде...» көрмесін ұсынды.