2018 жылдың 31 мамырында шағын орталық тәрбиешілері Кулямдаш Тлегеновна Абдуахитова мен Оксана НиколаевнаШукина балаларды қорғау Күніне арналған мереке өткізді. Іс-шараның мақсаты - бірлескен музыкалық-ойын арқылы балалардың мереке туралы түсініктерін байыту. Мереке барысында балалар жаз туралы өлеңдер оқыды, «Иә-Жоқ» ойынында тез жауап берді, жұмбақтар шешті, достық туралы ән шырқады, «Көңілді старттар» эстафетасында белсенді қимылдады, соңында балалар өз тәрбиешілерімен қоштасып, тәтті сыйлықтар алды.