Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу онкүндігіне орай 17. 02. 2023 ж., "Антоновка ОМ" КММ 5-11 қазақ сынып оқушылары арасында "Мен жастарға сенемін!" атты әдеби кешті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сапарова Ж.О. өткізді. Оқушылар викторинаға қатысып, атақты ақын М.Жұмабаевтың өлеңдерін оқыды. Іс-шара соңында оқушылар белсенділігі үшін грамоталармен және шағын сыйлықтармен марапатталды.