Меню KDT

logo.png?_=1675669689


"Антоновка орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    «Антоновка орта мектебі» КММ 2023 жылдың 10-14 сәуір аралығында «Тіл-татулық тірегі» атты тілдер апталығы өтті.

    «Антоновка орта мектебі» КММ  2023 жылдың 10-14 сәуір аралығында «Тіл-татулық тірегі» атты тілдер апталығы өтті.                                                                                                        

    Ана тілім,дана тілім ,бақ тілім,

    Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

    Сенсің менің қуанышым, шаттығым,

    Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

             Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі,тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді  қозғап ,жауапкершілікті сезінеді. Өйткені ,мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да,ең өзекті мәселе.

             «Антоновка орта мектебі» КММ  2023 жылдың 10-14 сәуір аралығында «Тіл-татулық тірегі» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталған  апталық аясында  бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын  барша халықтың тілін, мәдениетін,салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты  болды. Шараны пән мұғалімдері тілдер туралы дайындаған  оқушылардың үш тілдегі өлең жолдарымен жалғастырды.  Сонымен қатар 3 «Б» сыныбында «Менің сөздік қоржыным» атты тақырыпта ойын сабағын,  3 «Б» сыныппен  «We Like ENGLISH» тақырыпта сайыс сабақ, 8-11 «Б» сыныптармен «Проблемы современной литературы» атты тақырыпта әдеби кеш, 6 «Б» сыныппен «Знатоки русского языка» тақырыбында ойын-викторинасы, 5-9 сыныптармен «Туған тілім, тірлігімнің айғағы» атты тақырыпта өлеңдер оқу сайысы, 3 «А» сыныбымен «Путешествие в мир языка» тақырыбында лингвистикалық ойын, 8 «Б» сыныбымен «Қызықты қазақ тілі» тақырыбында викторина сияқты әр түрлі сайыстар ұйымдастырылып, апталық кезінде мектеп қабырғасынан көрініс таба білді.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ұйымдастыруымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»  атты тілдер апталығына орай интеллектуалды сайыс ұйымдастырылып, қорытынды өткізілді.

             Елімізде  қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін,мәдениетін,сондай-ақ  мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып,маңызды апталықта белсенділік танытқан оқушыларымыз бен  тіл мамндарына өз ризашылығымызды білдіреміз.




    14.04.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Рухани жаңғыру