3 маусым 2019 жылы күндізгі сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Лагерьдің ашылуы 1 маусымда Халықаралық Балаларды Қорғау Күнін өткізу кезінде мерекелік және көңілді жағдайда өтті Бастауыш және орта буын оқушылары үшін балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, жазғы демалыс кезінде бос уақытын ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылады. Патриоттық, көркем-эстетикалық, экологиялық, еңбек, дене шынықтыру-сауықтыру бағыттары бойынша бағдарлама іске асырылуда. Жұмыс әдістерін педагогикалық ұжым гуманизм, демократизм принциптеріне, оқушылардың ынтасы мен дербестігін көтермелеуге, балалардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке алуға сүйене отырып анықтайды. Лагерь бес күндік жұмыс аптасы тәртібінде жұмыс істейді. Жұмыстың басталуы сағат 9.00-де, сағат 13.00-де аяқталады. Барлық балаларды мектеп жанындағы сауықтыру лагеріне шақырамыз.