2019 жылы 27 маусымда Антоновка мектебінің орта буынының 13 оқушысы Бурабай қаласында болып қайтты, онда Ақмола облысының бізбен көршілес туған өлкесінің көрікті жерлерімен танысты. Экскурсия келесі жоспар бойынша өтті: Абылай хан алаңы бойынша серуен, қайық стансасында аялдау, Табиғат мұражайына және хайуанаттар бағына бару, бос уақытты өткізу, Үлкен Шабақты көлінің жағасында түскі ас. . Өкінішке орай, жаңбырлы ауа райына байланысты көлдің жанында түскі ас болған жоқ. Бірақ, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, балалар үйлеріне жақсы көңіл-күй, ұмытылмас әсер және кәдесыйлар әкелді.