29 қарашада «Антоновка орта мектебі» КММ 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған бірыңғай сабақ өткізілді. Әр сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының – тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысының рөлі туралы білім алушыларда түсінік қалыптастыру, қазақстандық патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу.
Бастауыш буында ашық іс-шараға жауапты мұғалім Ж.В. Рожкова, қазақ тілінде оқытатын 5-9 сыныптарда А.К. Сапарова, 5 және 7 «б» Ю.С.Сычева болды.
Бірыңғай сабақты өткізгеннен кейін 5-11 сынып оқушылары аға вожатый Т. В. Сопко мен 6-7 сынып оқушыларының акт залында дайындаған салтанатты жиынға жиналды.
29 қарашада Тұңғыш Президент күнін мерекелеу шеңберінде мектепте орта және жоғары буын оқушылары арасында Мемлекеттік рәміздер туралы викторина өткізілді.