Ағымдағы 2019 жылы 26 желтоқсанда Антоновка мектебінде жаңа жылдық бал өтті. Бақылау жұмыстарын аяқтағаннан кейін балалар жаңа 2020 жылды қарсы алуға дайындалды. Мереке ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің Қамқоршылық кеңесімен тығыз байланысы арқасында тиісті деңгейде өтті. Концерттік бағдарламаны ата - аналар комитетінің мүшелері дайындаған: С. Н. Гергерт, Д. Ф. Кириченко, И. А. Гончарук. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің мерекені ұйымдастыруға белсенді қатысуын атап өткім келеді. Оқушылар үшін кондитерлік өнімдер жеке кәсіпкерлермен ұсынылды: Тарасевич Г. А., Витэк С. Л., Рожков А. В., Абдрахманова Г. У., Луценко Н. В. Бірде-бір бала назардан тыс қалған жоқ. Сыйлықтарды ұйымдастыру үшін «Уголки» АҚК директоры А.З Садвакасов және «Журавка» ЖШС директоры Ю. Швец демеушілік көмек көрсетті. Сонымен қатар «Журавка» ЖШС жән «Ратмир» ЖШС мектеп аумағында корт құю үшін техника ұсынды.