1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлері Ауғанстаннан толығымен кетті. Кеңес Одағы 15 мыңнан астам азаматтарынан айырылған, 10 жылдық соғыс осылай аяқталды.Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған Күні — бұл ауған-жауынгерлерінің әрі мерекесі және қайтыс болған жауынгер-интернационалистерді еске алу қайғылы күні екені түсінікті. Қазақстанда Ауғанстандағы соғысқа қатысушылардың саны 22 мыңнан астам адам, оның 484-і мүгедек болып оралды, 924 адам бөтен жерде қайтыс болды, 21 – і хабар-ошарсыз кетті. Бұл қорқынышты соғыс көптеген отбасына қайғы-қасірет әкелді.
5 ақпан күні мектепте 5-11 сынып оқушылары арасында «Ауғаныстан жалыны»атты іс-шара өткізілді. Іс-шараны 11 сынып оқушылары жүргізді. Ерлік сабағы барысында АӘД мұғалімі С. Н. Пшеничников ақпарат берді, оқушыларға қысқа метражды фильм көрсетілді,ал оқушылар А. Катлубай, С. Клевно, Н. Чепелева алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған білімдерін көрсетті.