5 «б» сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Болдырева Е. В. оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға назар аудару мақсатында «Поэтикалық ертегі елінде» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сабақ-ойын соңында қазылар алқасы (Е. Н. Клевно, Р. А. Ханифова) «Ертегілер білгірі» атағын анықтады. Ертегі бойынша білім сайысында сөзсіз жеңіске Тончинская Элона ие болды, сондай-ақ балалар бос уақытында Элона барлығынан белсенді кітап оқитынын айтты.