Жыл сайын 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. 2020 жылы Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнінің тақырыбы – «Азаматтық қорғаныс және ұлттық құрылымдардың міндеті – апаттарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру».
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, халық пен төтенше қызметтерді ықтимал төтенше жағдайларға дайындау мақсатында аталмыш мереке маңызды халықаралық акция болып табылады. АҚ бойынша жоспар шеңберінде АӘД оқытушысы Пшеничников С.Н 5-11 сынып оқушыларына арналған ақпараттық сағат өткізді.